РҰҚСАТСЫЗ СҰЙЫҚТЫҚ ТӨГІНДІЛЕРІН АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ

Құрметті Астана қаласының тұрғындары! Біздің кәсіпорын нөсер кәріз желісіне рұқсатсыз төгілетін сұйықтықтарды анықтау және алдын алу бойынша жұмыстарды үздіксіз жүргізуде.

Бүгін «Алматы» ауданында орналасқан №1 Индустриялық парк аумағындағы Кеңсаз көшесінде заң бұзушылық әрекеті тіркелді. Анықталған дерек бойынша, кәсіпкерлік нысаннан шаруашылық-тұрмыстық қалдық сулары «ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК-ға қарасты нөсер кәріз құбырына заңсыз төгілген.

Оқиға орнында тиісті акт толтырылып, жағдай туралы экологиялық бақылау органдарына және жергілікті полицияға хабарланды. «ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК-ға тиесілі құбырлар мен магистральдарға қандай да бір рұқсатсыз сұйықтықтарды төгуге қатаң тыйым салынады.

Мұндай әрекеттер экологияға айтарлықтай зиян тигізіп, су бұру жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне кедергі келдіреді. Сондай-ақ, қала инфрақұрылымына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Экологияға жанашырлықты өзімізден бастайық!

Барлық жаңалықтар