ЕҢБЕК ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ!
Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмыскерлері жоғары деңгейде марапатталды.
⠀
Салада адал еңбек етіп, қаланың инженерлік инфрақұрылымын қамтамасыз етуге сүбелі үлес қосқан Бас механик қызметінің колонна жетекшісі Коржумбаев Ерлан Толеуович пен сорғы станциясын пайдалану қызметінің дәнекерлеушісі Пронин Александр Александрович — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатына ие болды.
⠀
Сондай-ақ, нөсерлі кәріз желілерін пайдалану қызметінің слесарьлары Құрманғазы Жолдасбекұлы Қайнарбаев пен Бекзат Серікұлы Әубәкіровке
— ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Аманғали Дәдебайдың атынан Алғыс хаттар табысталды.
⠀
Марапаттарды Кәсіпорын директоры Жаваров Бейбіт Болатұлы салтанатты түрде табыстап, қызметкерлердің еңбегін ерекше атап өтті. Бұл – тек марапат иелерінің емес, бүкіл ұжымның абыройы мен кәсібилігінің көрінісі.
⠀
«Elorda Eco System» ұжымы өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, жанашыр және тәжірибелі мамандарымен мақтанады.
⠀
Марапатқа ие болған әріптестерімізді құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жана берсін!





