Кәсіпорында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-профилактикалық шара өткізілді
2025 жылға арналған жұмыс жоспарына және Бас директордың тапсырмасына сәйкес Кәсіпорында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-профилактикалық шара өткізілді.
Шара барысында қызметкерлерге еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы өзгерістер, комплаенс қызметінің рөлі мен міндеттері, сондай-ақ заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған талаптар түсіндірілді.
Кәсіпорын жұмыскерлері заң талаптарын, ішкі тәртіп ережелері мен корпоративтік этиканы қатаң сақтауға шақырылды. Осындай кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетін болады.

