ИНТЕНСИВТІ ЖАУЫН-ШАШЫН ШКАЛАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Соңғы кездері Астана қаласында нөсер жауын жиілеп, кей көшелерде су жиналу жағдайлары тіркеліп жатыр. Мұндай табиғи құбылыстардың артында нақты ғылыми негіздер бар. Соның бірі – интенсивті жауын-шашын шкаласы.
🔹Бұл не және ол не үшін қажет?
Интенсивті жауын-шашын – бұл қысқа уақыт аралығында (әдетте 1 сағат ішінде) түсетін жауын-шашын мөлшері. Бұл көрсеткіш миллиметрмен өлшенеді және тікелей су басу қаупіне әсер етеді.
Жауын-шашын аз уақыт ішінде тым көп мөлшерде жауғанда, жердің немесе инженерлік желілердің оны қабылдауға мүмкіндігі болмайды. Нәтижесінде көшелерде су жиналып, қозғалыс қиындайды.
📈Назарларыңызға интенсивті жауын-шашынның кестесін ұсынамыз.
📍Мәселен, маусым және шілде айларында Астана қаласының кейбір аудандарында жауын мол түскен жағдайлар тіркелді. Бұл табиғи нормадан бірнеше есе артық.
Осындай кезеңдерде «Elorda Eco System» кәсіпорнының мамандары тәулік бойы кезекшілікте болып, су бұру жүйесінің дұрыс жұмыс жасауын қадағалап отырды.
Кәсіпорын тарапынан бас қаламыздағы нөсерлі кәріз желілері мен нөсерқабылдағыштарды жоспар бойынша тазалап, күнделікті бақылауды ұстайды.
Gallery image 1Gallery image 2Gallery image 3Gallery image 4Gallery image 5Gallery image 6
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер