Жүйелі жұмыстар: Жазғы жауын маусымындағы үздіксіз қызмет

Жазғы нөсер жауын – табиғаттың тосын сыйы. Соңғы күндері Астана қаласында мол жауын шашын түсуде.

“Elorda Eco System” кәсіпорны елорда тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін күні-түні тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорынның білікті мамандары мен арнайы техникалары жаңбыр суының жиналуын болдырмау, көшелерді, жаяу жүргінші жолдары мен аулаларды су басудан сақтау мақсатында тәулік бойы қызмет етеді.

🌃 Қала тұрғындары тәтті ұйқыда жатқанда, біз инфрақұрылымды сақтау жолында тынымсыз еңбек етудеміз. Бұл – көзге көрінбейтін, бірақ әрбір тұрғын жайлылығы үшін маңызды жұмыс.

💧 Су бұру жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі – біздің басты міндетіміз!

Барлық жаңалықтар