КЕЗ КЕЛГЕН ЖАҒДАЙДА КӨМЕККЕ ДАЙЫН

Кезекті жұмыс күнінде “Elorda Eco System” ШЖҚ МКК “Алматы” ауданы бойынша нөсерлі кәріз желілерін күтіп-ұстау қызметінің бригадасы күтпеген жағдайға тап болды.
Көше бойында көлік жанып жатқанын көрген бригадир Абикенов Бахтияр, слесарьлар Почуйко Александр, Уахитов Бахтияр және арнайы техника жүргізушісі Аубакиров Дастан бірден көмекке ұмтылды.
Кәсіпорын теңгеріміндегі арнайы канал жуу техникасының көмегімен жалынды ауыздықтауға атсалысып, жағдайды бақылауда ұстады. Азаматтық жауапкершілік пен шапшаң шешімнің арқасында көлік иесіне үлкен қауіп төнген жоқ.
Бұл – кәсіби шеберлікпен қатар, адам өмірі мен мүлкін сақтауға бағытталған шынайы жанашырлықтың көрінісі.
Күнделікті жұмыс барысында тек өз міндетін орындап қоймай, батылдық пен азаматтық жауапкершілік танытқан әріптестерімізге алғыс білдіреміз!
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер