ЖЫЛ БАСЫНАН АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
“Elorda Eco System” кәсіпорны су бұру жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр.
✅ Кәсіпорын тарапынан 2025 жылдың басынан бері атқарылған негізгі жұмыстар:
🔹 10 556 дана су ағызу және нөсер суын қабылдайтын құбыр тазартылды;
🔹 147 627 метр құбыр жуылып, тазартылды;
🔹 995 дана қорғаныш торлары орнатылып, ауыстырылды;
🔹 2677 метр су коллекторы жүк тартқыш (лебедка) тәсілімен тазартылды;
🔹 Кәсіпорын теңгеріміндегі нысандардан 4748 тонна лай мен қоқыс шығарылды;
🔹 107 124 метр арық-науа желілері тазартылды;
🔹 Жалпы көлемі 902 997 м³ су тартылып шығарылды.
Кәсіпорын алдағы уақытта да су бұру инфрақұрылымының тиімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырады.