НӨСЕР КӘРІЗІ: КҮНДЕЛІКТІ ЕҢБЕК, СУ ТАСҚЫНЫНА ТОСҚАУЫЛ

Астана қаласында жауын кезінде көшелерді су баспау үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген жандар бар. Олар – «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-ның мамандары.
Көзге көрінбейтін майданның жауынгерлері — «Есіл» ауданындағы Сығанақ көшесінің бойында орналасқан диаметрі 500 мм болатын нөсерлі кәріз коллекторын «Volvo» маркалы канал жуу техникасымен тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар, нөсерқабылдағыштарды лай мен қоқыстан тазарту жұмысы жүргізілуде. Бұл — жауын суының өткізу қабілетін арттырып, су басу қаупінің алдын алуға бағытталған маңызды шара.
Елорда тұрғындарының жайлылығы үшін осындай жұмыстар Кәсіпорын тарапынан күнделікті жүйелі, жоспарлы және үздіксіз түрде жүргізіледі.
#elordaecosystem #astana #жұмысшымамандықтаржылы
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер