Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адалдық пен ашықтық кепілі!
“Elorda Eco System” кәсіпорнында бірнеше бөлім мен қызмет жұмыскерлеріне бас директордың тапсырмасы және арнайы жоспар аясында комплаенс қызметінің басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық дәріс өткізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары, қызметтік әдеп нормалары, сондай-ақ әрбір қызметкердің адалдық, әділдік және ашықтық қағидаттарын ұстанудағы жеке жауапкершілігі түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, парасаттылық мәдениетін нығайту және кәсіпорын ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу.

