ЖҮЙЕЛІК ШЕШІМДЕР: НӨСЕР КӘРІЗІ КҮНДЕЛІКТІ ЕҢБЕК
Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК бас қаламыздағы су бұру жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр.
Кәсіпорын мамандары «Алматы» ауданындағы Абылайхан даңғылы бойында орналасқан диаметрі 400 мм болатын нөсерлі кәріз коллекторын «Volvo» маркалы канал жуу техникасының көмегімен тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар, слесарь мамандар нөсерқабылдағыштарды механикалық түрде лай мен қоқыстан тазартуда.
Елорда тұрғындарының жайлылығы үшін күнделікті жүйелі әрі үздіксіз жасалынған жұмыстар жауын суының өткізу қабілетін арттырып, су басу қаупінің алдын алуға бағытталған маңызды шара.