НӨСЕР КӘРІЗІ: КҮНДЕЛІКТІ ЖҮЙЕЛІ ЕҢБЕК

Астана қаласында жауын кезінде көшелерді су баспау үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген жандар бар. Олар – «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-ның мамандары.
Көзге көрінбейтін майданның жауынгерлері — «Сарайшық» ауданындағы Панфилов көшесінің бойында орналасқан диаметрі 800 мм болатын нөсерлі кәріз коллекторын «Camel» маркалы канал жуу техникасымен тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұл — жауын суының өткізу қабілетін арттырып, су басу қаупінің алдын алуға бағытталған маңызды шара.
Елорда тұрғындарының жайлылығы үшін осындай жұмыстар Кәсіпорын тарапынан күнделікті жүйелі, жоспарлы және үздіксіз түрде жүргізіледі.
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер