НӨСЕРЛІ КОЛЛЕКТОР «ЖҮК ТАРТҚЫШ» ӘДІСІМЕН ТАЗАРТЫЛУДА
Қала тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында «Elorda Eco System» кәсіпорыны өз жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда.
Қазіргі уақытта «Алматы» ауданының Индустриялық парк аумағында, Кендірлі көшесінің бойында орналасқан диаметрі 500 мм нөсерлі коллектор лай мен қатты қалдықтардан тазартылып жатыр. Жалпы ұзындығы 1900 метр коллектор лай мен қоқыстан, құрылыс қалдықтарынан тазартылды.
Тазарту жұмыстары арнайы механикалық «жүк тартқыш» (лебедка) әдісімен жүргізілуде. Бұл тәсіл құбыр ішіндегі шөгінділерді тиімді жоюға мүмкіндік береді.
Аталған шаралар нөсерлі кәріз желілерінің өткізгіштік қабілетін арттырып, жауын-шашын кезіндегі су басу қаупінің алдын алуға бағытталған.