Тәжірибе алмасу – сенімді жүйенің кепілі!

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ұжымы «Су Арнасы-Сервис» LTD компаниясының мамандарымен бірлескен тәжірибе алмасу өткізді.
Кездесу барысында швециялық «Flygt» маркалы сорғыларды толыққанды жөндеу, монтаждау және демонтаждау жұмыстары іс жүзінде көрсетілді.
Бұл тәжірибе:
• Сорғы станцияларының жұмыс сенімділігін арттырады;
• Мамандарымыздың кәсіби шеберлігін шыңдайды;
• Халықаралық деңгейдегі заманауи технологияларды тиімді қолдануға жол ашады.
Кәсіпорын теңгерімінде 118 сорғы станциясы бар.
2025 жылдың басында БКНС «Тұранда» қуаттылығы жоғары 8 жаңа «Flygt» сорғысы орнатылды.
Бұл – бас қаланың су бұру жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін айтарлықтай арттырған маңызды қадам.
“Elorda Eco System” үздік тәжірибені енгізу арқылы елорда тұрғындарына жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға және инженерлік жүйелердің сапалы, үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге әрдайым басымдық береді.
Gallery image 1Gallery image 2Gallery image 3Gallery image 4Gallery image 5Gallery image 6Gallery image 7
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер