СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – АДАЛДЫҚ ПЕН АШЫҚТЫҚ НЕГІЗІ
Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және Этикалық кодекс нормаларын түсіндіру бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Д.Б. Кулжамбеков пен комплаенс-офицер Р.М. Кульмаганбетов, кәсіпорынның бугхалтерия, мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жоспарлау-экономикалық бөлімдерінің басшылары мен мамандары қатысты. Жиын барысында Кәсіпорын бөлімдерінің қызметіндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды болдырмау жолдары түсіндірілді. Қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасулар болды.
Бұл шара қызметкерлердің адалдық мәдениетін арттыруға, кәсіпорын ішінде ашықтықты нығайтуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталды.
Іс-шара қорытындысы бойынша тиісті бөлімдердің басшыларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға ұсыныс берілді.
Әрбір қызметкердің жауапкершілігі – әділдік пен адалдық қағидаттарын қатаң сақтау!


