СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

“ELORDA Eco System” ШЖҚ МКК ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бұл шаралардың басты мақсаты – жұмыскерлер арасында заң талаптарын қатаң сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, адалдық пен әділдік мәдениетін қалыптастыру. Әрбір жұмыскер өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заңды бұзбаған жағдайда ғана кәсіпорынның тұрақтылығы мен беделі артады.

✅ Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – әрбір қызметкердің міндеті;

✅ Заңға бағыну – жеке қауіпсіздіктің және кәсіби абыройдың кепілі;

❌ Парақорлық пен өзге де құқықбұзушылықтар – қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

Құрметті әріптестер!

Біздің ортақ мақсатымыз – ашықтық пен әділдікке негізделген жұмыс ортасын қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тек жеке адамның ғана емес, барша ұжымның жауапкершілігі екенін ұмытпайық.

Заңды мүлтіксіз орындап, өз ісімізге адал болсақ – кәсіпорынның тұрақтылығы артып, қоғамдағы сенім нығаяды.

Барлық жаңалықтар