СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – АДАЛДЫҚ ПЕН АШЫҚТЫҚ НЕГІЗІ

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК жұмыскерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және Этикалық кодекс нормаларын түсіндіру бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің комплаенс-офицер Р.М. Кульмаганбетов, кәсіпорынның құжаттамалық қамтамасыз ету және қоғаммен байланыс бөлімі мен ақпараттық технологиялар және жүйелерді автоматтандыру қызметінің басшылары мен мамандары қатысты. Жиын барысында Кәсіпорын бөлімдеріндегі қызметіндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды болдырмау жолдары түсіндірілді. Қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасулар болды.
Бұл шара жұмыскерлердің адалдық мәдениетін арттыруға, кәсіпорын ішінде ашықтықты нығайтуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталды.
Іс-шара қорытындысы бойынша тиісті бөлімдердің басшыларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға ұсыныс берілді.
Әрбір жұмыскердің жауапкершілігі – әділдік пен адалдық қағидаттарын қатаң сақтау!
Gallery image 1Gallery image 2Gallery image 3
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер