ЖЫЛ БАСЫНАН АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
«Elorda Eco System» кәсіпорны су бұру жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр.
✅ Кәсіпорын тарапынан жыл басынан бері атқарылған негізгі жұмыстар:
🔹 11 700 дана су ағызу және нөсер суын қабылдайтын құбыр тазартылды;
🔹 184 183 метр құбыр жуылып, тазартылды;
🔹 1112 дана қорғаныш торлары орнатылып, ауыстырылды;
🔹 4492 метр нөсер коллекторы жүк тартқыш (лебедка) тәсілімен тазартылды;
🔹 Кәсіпорын теңгеріміндегі нысандардан 5299 тонна лай мен қоқыс шығарылды;
🔹 Жалпы көлемі 994 245 м³ нөсер және сарқынды су тартылып шығарылды;
🔹 Жалпы ұзындығы 44 125 метр желілер телеинспекция көлігімен тексерілді.
Кәсіпорын алдағы уақытта да су бұру инфрақұрылымының тиімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырады.