Конституция - құқықтық мемлекеттің негізі
Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқықтық мемлекеттің негізі» тақырыбында мерекелік жиын өтті.
Бұл шараның басты мақсаты – Конституциямыздың қоғамдағы рөлін айшықтау, құқықтық мемлекет қағидаттарын дәріптеу, құқықтық мәдениетті арттыру.
Жиынға Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы прокуратурасының қызметкерлері Өсерхан Мұхтар, Әлімбаев Әлішер және Тұрғанбеков Бейбарыс арнайы шақырылып, еліміздің негізгі заңының мәні мен маңызы жайында мазмұнды баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Конституция – мемлекетіміздің тұғырлы құжаты, әрбір қазақстандықтың құқығы мен бостандығының кепілі.







