Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
Астана қаласы әкімдігінің «ELORDA Eco System» ШЖҚ МКК ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Бұл шаралардың басты мақсаты – жұмыскерлер арасында заң талаптарын қатаң сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, адалдық пен әділдік мәдениетін қалыптастыру. Әрбір жұмыскер өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заңды бұзбаған жағдайда ғана кәсіпорынның тұрақтылығы мен беделі артады.
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – әрбір қызметкердің міндеті. Заңға бағыну – жеке қауіпсіздіктің және кәсіби абыройдың кепіл.
Біздің ортақ мақсатымыз – ашықтық пен әділдікке негізделген жұмыс ортасын қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тек жеке адамның ғана емес, барша ұжымның жауапкершілігі екенін ұмытпайық.

