НӨСЕР КӘРІЗІНДЕГІ КҮНДЕЛІКТІ ЕҢБЕК
Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК бас қаламыздағы су бұру жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр.
Кәсіпорын мамандары «Есіл» ауданы Сығанақ көшесіндегі М-3 көпірінің маңындағы нөсерлі кәріз коллекторын «Camel» канал жуу техникасының көмегімен тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бақылау және нөсерқабылдағыш құдықтарды тазарту, нөсерлі кәріз коллекторын жуу жұмыстары кәсіпорын тарапынан күнделікті жүйелі әрі үздіксіз жүргізіледі.
Мұндай іс-шаралар жауын кезінде көше бойына және көпір аумағында су жиналуын болдырмау, коллекторлардың су өткізу қабілетін арттыруға бағытталған маңызды шара.
#elordaecosystem #astana #жұмысшымамандықтаржылы #нөсеркәрізі #ливневка