ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСУДА
Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК мамандары қаламыздың инженерлік инфрақұрылымының үздіксіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында «Есіл» ауданындағы II-7 тазарту құрылғысында жоспарлы жұмыстар жүргізді.
✅ Қуаты 30 кВт болатын “Flyght” маркалы сорғы қондырғысына диагностика мен түгендеу жұмыстары жасалды.
✅ Тазарту құрылғысының сыртқы қорғанын қоршау және операторларға қолайлы жағдай жасау үшін абаттандыру жұмыстары атқарылды.
Бүгінде кәсіпорын мамандары тәулік бойы сорғы станцияларын тексеріп, тазарту құрылғыларына қызмет көрсетуді жалғастыруда. Нысандар штаттық режимде жұмыс істейді, ал карталардағы су деңгейі тұрақты бақылауда.