ЕҢБЕК ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ!
Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмыскерлері марапатталды.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек пен Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Сыздықовтың атынан кәсіпорынның бірқатар жұмыскерлері еңбектегі табыстары үшін құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл марапат – кәсіпорын қызметкерлерінің бас қаланың инженерлік жүйелерінің ахуалын жақсартуға, нөсерлік-кәріз жүйесін үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қосқан үлестерінің жоғары бағалануы.
Марапатқа ие болған әріптестерімізді құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жана берсін!







