“Мектепке жол” акциясы
Астана қаласы әкімдігінің “Elorda Eco System” ШЖҚ МКК жергілікті кәсіподақ ұйымы дәстүрге айналған “Мектепке жол” акциясы аясында кәсіпорын қызметкерлерінің 1-сынып табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлады.
Бұл шара барысында шамамен 60-қа жуық балдырғанның ата-анасына мектепке қажетті оқу-құралдары мен сапалы сөмкелер табысталды.
Игі бастаманың басты мақсаты – жас ұрпақтың алғашқы білім қадамына қолдау көрсету, сондай-ақ ата-аналармен қуанышты сәтті бірге бөлісу.
Ұжымдық қолдаудың арқасында кішкентай оқушыларымыз жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастайды деп сенеміз.
Барша шәкірттерге табысты оқу жылын, білімге бастар жолдарының ашық болуын тілейміз!




