Конституция күні құтты болсын!

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ұжымы барша қазақстандықтарды ең қастерлі мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен және оның 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!

Осыдан отыз жыл бұрын қабылданған Ата Заңымыз – мемлекетіміздің мызғымас іргетасы, елдігіміздің айқын айнасы. Конституция тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының кепілі болып, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғап келеді.

Біздің ортақ міндетіміз – осы құндылықтарды сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек ету.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Мереке құтты болсын! 🇰🇿

Ізгі ниетпен,

Астана қаласы әкімдігінің

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ұжымы

Барлық жаңалықтар