ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

«Elorda Eco System» ұжымы мерейлі жасқа толған ардақты әріптестерін құттықтады!
Кәсіпорын жұмыскерлері Мысатаев Гани Кулмуратович, Жанабаев Айбар Калиевич, Әбілқасым Шалқар мерейлі 50 жасқа толса, Қасымов Валихан Темирханович 60 жасқа толып отыр. Сондай-ақ, Аубакиров Марат Анасович пен Хасенов Акылбек Казкенович зейнеткерлікке абыроймен жетіп, өз саласындағы қажырлы еңбектерімен ұжымның зор құрметіне бөленді.
Өз ісіне адал, табанды, тәжірибелі мамандарға «Еңбек ардагері» төсбелгісі мен алғыс хаттар табысталды. Марапатты бас директордың міндетін атқарушы Сайлаубек Махметов пен бас директордың орынбасары Әмірхан Жагипаров, жергілікті кәсіподақ ұйымының төрайымы Индира Рахимжанова салтанатты түрде табыс етті.
Мерейлі жас иегерлеріне Кәсіпорын Жергілікті кәсіподақ ұйымы тарапынан 15 АЕК көлемінде біржолғы жәрдемақы ұсынылды.
Осындай жанашыр, кәсібіне берілген, білікті мамандар – біздің ұжымның алтын қоры мен баға жетпес байлығы!
Құрметті әріптестер, сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақыт тілейміз!
Gallery image 1Gallery image 2Gallery image 3Gallery image 4Gallery image 5Gallery image 6Gallery image 7
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер