СОРҒЫЛАРҒА ТҮГЕНДЕУ МЕН ДИАГНОСТИКА ЖҮРГІЗІЛДІ

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК мамандары қаламыздың инженерлік инфрақұрылымының үздіксіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында II-1-Жағалау тазарту құрылғысында жоспарлы жұмыстар жүргізді.
Арнайы техника көмегімен қуаты 140 кВт болатын екі “Flyght” маркалы сорғы қондырғысы көтеріліп, толық диагностика мен түгендеу жұмыстары жасалды. Атап айтқанда:
• Сорғылардың жұмыс дөңгелектері мұқият тексеріліп, тазаланды;
• Кабельдердің механикалық жағдайына тексеріс жүргізілді;
• Қауіпсіздік техникасы талаптары қатаң сақталды.
Нәтижесінде жабдықтардан ешқандай ақаулар анықталған жоқ. Барлық сорғылар қайтадан орнатылып, іске қосылды. Қазіргі уақытта тазарту құрылғысында сорғы қондырғылары толықтай жұмыс режимінде. Бұл іс-шаралар су бұру жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған.
«Elorda Eco System» мамандары елордамыздың тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру жолында күнделікті еңбектеніп келеді.
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер