СОРҒЫЛАРҒА ТҮГЕНДЕУ МЕН ДИАГНОСТИКА ЖҮРГІЗІЛДІ

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК мамандары қаламыздың инженерлік инфрақұрылымының үздіксіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында II-1-Жағалау тазарту құрылғысында жоспарлы жұмыстар жүргізді.

Арнайы техника көмегімен қуаты 140 кВт болатын екі “Flyght” маркалы сорғы қондырғысы көтеріліп, толық диагностика мен түгендеу жұмыстары жасалды. Атап айтқанда:

Сорғылардың жұмыс дөңгелектері мұқият тексеріліп, тазаланды;

Кабельдердің механикалық жағдайына тексеріс жүргізілді;

Қауіпсіздік техникасы талаптары қатаң сақталды.

Нәтижесінде жабдықтардан ешқандай ақаулар анықталған жоқ. Барлық сорғылар қайтадан орнатылып, іске қосылды. Қазіргі уақытта тазарту құрылғысында сорғы қондырғылары толықтай жұмыс режимінде. Бұл іс-шаралар су бұру жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған.

«Elorda Eco System» мамандары елордамыздың тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру жолында күнделікті еңбектеніп келеді.

Барлық жаңалықтар