ЕҢБЕК ҚОРҒАУ МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК мамандарына еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі бағытында дәріс ұйымдастырылды.

Семинарды «Астана-ӨЭК» АҚ пайдалану сенімділігі мен техникалық қауіпсіздік қызметінің басшысы Б.Е. Жақанов жүргізді. Семинар барысында мамандарға түсіндірме жұмыстары жасалып, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.

Бұл шара қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өндірістік тәуекелдерді төмендетуге бағытталған.

Қауіпсіздік – әрбіріміздің ортақ жауапкершілігіміз!

Барлық жаңалықтар