СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАЛДЫ
Астана қаласы әкімдігінің «ELORDA Eco System» ШЖҚ МКК ұжымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық шаралар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Кәсіпорын бас директоры Жаваров Бейбіт Болатұлының тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі Дархан Кулжамбеков мекемедегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жөнінде баяндама жасады.
Жиынға басқарушы құрам толық қатысып, жұмыскерлерге заң нормаларын қатаң сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру, адалдық пен әділдік қағидаларын берік ұстану қажеттігі тағы да атап өтілді.
Жиынға бас директордың бірінші орынбасары Марат Маркабаев төрағалық етті. Марат Оңайбайұлы мемлекеттік қаржысын тиімді, негізді және заңды пайдалануды атап өтті. Әрбір маман өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, заңды бұзбаған жағдайда ғана ұйымның тұрақты дамуы мен беделі нығаяды.
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – әр қызметкердің тікелей борышы. Заңды құрметтеу – жеке қауіпсіздіктің және кәсіби абыройдың кепілі.
Біздің ортақ міндетіміз – ашықтық пен әділеттілікке негізделген еңбек ортасын қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – тек жекелеген адамның ғана емес, барша ұжымның ортақ жауапкершілігі екенін есте ұстайық.




