КӘСІПОРЫН МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
25 қазан – Республика күні қарсаңында «Elorda Eco System» кәсіпорнының бірқатар қызметкерлері ерекше құрметке ие болды.
Елорда тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, қолайлы қалалық орта қалыптастыру және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген сала мамандарына Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұтұлы Қасымбек пен Қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Амангелдіұлы Сыздықовтың атынан алғыс хаттар табыс етілді.
Бұл марапат – өз ісіне адал, күн-түн демей еңбек етіп жүрген кәсіби мамандардың еңбегіне берілген жоғары баға әрі лайықты құрметтің көрінісі.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Құрметті әріптестер, еңбектеріңіз жана берсін! Сіздерге кәсіби табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!
#elordaecosystem #astana #республикакүні #жұмысшымамандықтаржылы











