ҚҰЖАТ МӘДЕНИЕТІ: ҚОҒАММЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС КҮШЕЙЕ ТҮСПЕК

Құжат айналымы – кез келген ұйымның тиімді жұмыс істеуінің негізгі тетігі. Бұйрықтардың дұрыс әрі сауатты рәсімделуі – құжаттардың заңдық күшін арттырып, олардың орындалуын қамтамасыз етудің басты шарты. «ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК мәжіліс залында «Бұйрықтарды дайындау және рәсімдеу талаптары», еOtinish платформасымен жұмыс істеу тақырыбында оқыту өтті.
Оқытуды құжаттамалық қамтамасыз ету және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Бектемісова Бақыт Ғазизқызы жүргізді. Іс-шараға қызметтер мен бөлім басшылары, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Қатысушылар бұйрықтарды дұрыс рәсімдеу талаптары, құжат айналымындағы негізгі қағидалар туралы маңызды ақпарат алып, өз сұрақтарына жауап алды. Бұл семинар құжаттардың сапасын арттыру, ресми бұйрықтарды әзірлеу және рәсімдеу кезінде жиі кездесетін қателіктердің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
Құжат сапасын арттыру – кәсіби қызметтің маңызды бөлігі. Сондықтан мұндай оқыту семинарлары қызметкерлердің құзыреттілігін арттырып, құжат айналымын жетілдіруге үлкен үлес қосады.
Gallery image 1Gallery image 2Gallery image 3Gallery image 4Gallery image 5
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер