ЕҢБЕК АДАМЫ — ЕЛ МАҚТАНЫШЫ
Астана қаласы әкімдігінің “Elorda Eco System” ШЖҚ МКК манипулятор жүргізушісі Абеев Нұрлан Амантайұлы – өз ісінің нағыз шебері, еңбекқорлығы мен жауапкершілігі арқылы ұжым арасында зор құрметке ие маман.
Кәсіпорын құрылған күннен бастап аянбай еңбек етіп келе жатқан Нұрлан Амантайұлы манипулятор көлігімен өндіріске қажетті сорғы жабдықтарын, мотопомпаларды, құбырлар мен өзге де материалдарды уақтылы жеткізіп, техникалық бөлім жұмысының үздіксіз жүруіне айрықша үлес қосып келеді.
Биылғы көктемде су тасқынына қарсы төтенше шаралар кезінде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында арнайы техникасымен елеулі еңбек етіп, табиғи апат салдарын жою жұмыстарына белсенді қатысқан.
Кәсіби шеберлігі мен адал еңбегі еленіп, алғыс хат және марапаттармен құрметтелді.
Нұрлан Амантайұлы сынды мамандар – ел дамуының тірегі, еңбек адамдарының жарқын үлгісі!
#elordaecosystem #astana #жұмысшымамандықтаржылы #годрабочихпрофессий