НӨСЕРҚАБЫЛДАҒЫШТАРДЫ ҚОЛМЕН ТАЗАЛАУ – СЛЕСАРЬЛАРДЫҢ ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕГІ

Ауа райы жауын-шашынды болған кезде қаланың көшелері суға толып кетпеуі үшін нөсер кәріз жүйесі үздіксіз жұмыс істеуі қажет. Бұл жүйенің басты элементтерінің бірі – нөсерқабылдағыштар.
Кәсіпорынның слесарь мамандары аумағы құрылыс қалдықтары мен лай-қоқысқа толған нөсерқабылдағыштарды қолмен тазартады. Бұл жұмыс үлкен жауапкершілікті, төзімділікті және күш-жігерді талап етеді.
Дәл осындай жүйелі әрі күнделікті қажырлы жұмыс жауын-шашын кезінде су тасқынының алдын алуға орасан зор септігін тигізіп, желілердің су өткізу қабілетін арттырады. «Elorda Eco System» кәсіпорны бас қаламыздың тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы орта қалыптастыру жолында жұмыстарын үздіксіз жалғастырады.
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер