СОРҒЫҒА ТҮГЕНДЕУ МЕН ДИАГНОСТИКА ЖҮРГІЗІЛДІ

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК мамандары қаламыздың инженерлік инфрақұрылымының үздіксіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында II-7-Пригородный тазарту құрылғысында жоспарлы жұмыстар жүргізді.
Арнайы техника көмегімен қуаты 160 кВт болатын «Flyght» маркалы сорғы қондырғысы көтеріліп, толық диагностика мен түгендеу жұмыстары жасалды.
Қауіпсіздік техникасының талаптары қатаң сақтала отырып, сорғының жұмыс дөңгелектері мұқият тексеріліп, тазаланды. Кабельдердің механикалық жағдайына тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде жабдықтан ешқандай ақаулар анықталған жоқ. Бұл іс-шаралар су бұру жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған.
«Elorda Eco System» мамандары бас қаламыздың тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру жолында күнделікті еңбектеніп келеді.
#elordaecosystem #astana #жұмысшымамандықтаржылы #елорда
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер