НӘТИЖЕЛІ ЕҢБЕК
Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК — елорда мен қала маңындағы аумақтардың нөсер кәріз жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жаңғырту жұмыстарын үздіксіз атқарып келе жатқан маңызды коммуналдық кәсіпорын.
2024 жылы кәсіпорын мамандары 141 935 метр коллекторды жуып, тазалау жұмыстарын жүргізген болса,
2025 жылдың 29 қазанына дейінгі көрсеткіш — 241 363 метр!
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 51%-ға артық нәтиже. Сондай-ақ, су ағызу және нөсер суын қабылдайтын құбырларды тазалау көлемі де айтарлықтай артты. Мәселен 2024 жылы бұл көрсеткіш – 10 310 дананы құраса, 2025 жылғы бүгінгі көрсеткіш – 13 513 дана, яғни 31%-ға көп!
Мұның бәрі – елорданың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту мен тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру жолындағы жүйелі еңбектің нәтижесі.