АРЫҚ-НАУА ЖЕЛІЛЕРІ ТАЗАРТЫЛУДА

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» кәсіпорнының теңгерімінде 51 шақырымнан астам арық-науа желілері бар.

Биыл жалпы ұзындығы 137 986 метр арық-науа жүйесі қыс мезгілінде қар мен мұздан, көктемде қоқыс пен лайдан толық тазартылды.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның арнайы бригадалары «Сарыарқа» ауданында арық-науа желілерін тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты — нөсер және еріген қар суларын дер кезінде бұру жұмыстарын қамтамасыз ету.

Барлық жаңалықтар