НӨСЕРЛІ КӘРІЗ ЖЕЛІСІ – КӨЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН, БІРАҚ ҚАЛАНЫҢ МАҢЫЗДЫ ИНЖЕНЕРЛІК ЖҮЙЕСІ
Бас қаламыздың инженерлік желілердің ішінде нөсерлі кәріз жүйесінің рөлі ерекше. Бұл жүйе жауын-шашын кезінде көшелердің су астында қалмауын қамтамасыз етеді.
Осы маңызды бағытта тынымсыз еңбек етіп жүрген жандардың бірі – Кенжетаев Мұрат Башимұлы, «Elorda Eco System» кәсіпорнының нөсерлі кәріз желілерін пайдалану қызметінің «Нұра» ауданындағы апатты-қалпына келтіру слесары.
Мұрат Башимұлы өзінің күнделікті еңбегі мен нөсерлі кәріз жүйесінің маңыздылығы жайлы «Вечерняя Астана» газетіне берген сұхбатында жан-жақты айтып берді. Ол өз сөзінде қаланың астында орналасқан жүйелердің қалай жұмыс істейтінін, жауын кезінде қандай тәуекелдер болатынын және бұл еңбектің артында қаншама жауапкершілік жатқанын атап өтті.
Elorda Eco System кәсіпорнының мамандары — қаламыздың «көзге көрінбейтін қаһармандары». Олар кез келген ауа райында жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, елорда жұтшылығына қолайлы орта қалыптастыру үшін қызмет етеді.
📖 Мақаланың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз:
👉 vechastana.kz/serdcze-goroda-pod-zemlej

