ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті Отандастар! Қадірлі Қазақ елі!
Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы, халқымыздың бірлігі мен еркіндігінің айқын белгісі. Бұл күн әрбір қазақстандық үшін елге деген мақтаныш сезімді арттырып, жарқын болашаққа деген сенімді нығайтады.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, мемлекетіміз бейбітшілік пен тұрақтылық жолында дами берсін. Әр шаңыраққа береке-бірлік, зор денсаулық, мол табыс пен бақ-береке тілейміз.
Тәуелсіздігіміз мәңгі, көк байрағымыз биік болсын!
Ізгі ниетпен,
Астана қаласы әкімдігінің
“Elorda Eco System” ШЖҚ МКК ұжымы
