МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕ – ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай кәсіпорын бас директорының бірінші орынбасары Сайлаубек Махметов өндірістік учаскелерді аралап, еңбек майданындағы жұмыскерлерді мерекемен құттықтады.
Сайлаубек Дүйсенбекұлы нөсерлі кәріз желілерін пайдалану қызметінің 6 ауданындағы апатты жағдайларды қалпына келтіру слесарлары мен бригадирлерін, сондай-ақ тазарту құрылғылары мен сорғы станцияларында еңбек етіп жүрген мамандармен жүздесті. Кездесу барысында жұмыскерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер назарға алынды.
Тұрғындардың жайлылығын қамтамасыз етіп жүрген «көрінбейтін майданның жауынгерлеріне» ерекше көңіл бөлініп, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тілегі айтылды.
Кәсіпорын бас директоры Жаваров Бейбіт Болатұлының бастамасымен барлық жұмыскерлерге Тәуелсіздік күніне орай мерекелік сыйақы төленді.
Тәуелсіз елдің дамуы – адал еңбекпен! 🇰🇿
Еңбектеріңіз елене берсін!
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер