ТӘУЕЛСІЗДІК – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҚАЗЫНАСЫ
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Elorda Eco System» кәсіпорнында салтанатты жиын өтті. Егемен еліміздің ең қастерлі мерекесіне арналған шара Мемлекеттік Әнұранмен басталып, оған кәсіпорын басшылығы мен барлық құрылымдық бөлімдердің жұмыскерлері қатысты.
Салтанатты жиында кәсіпорын бас директорының бірінші орынбасары Сайлаубек Махметов құттықтау сөз сөйлеп, Тәуелсіздік – халқымыздың баға жетпес байлығы екенін атап өтті. Сонымен қатар, ел игілігі жолында адал еңбек етіп, қаланың инженерлік инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп жүрген кәсіпорын ұжымына алғысын білдірді.
Мереке аясында ұжым үшін ерекше қуанышты жаңалық та жарияланды. Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Азия ашық чемпионатында қолкүрестен алтын жүлде иеленген нөсерлі кәріз желілерін пайдалану қызметінің «Нұра» ауданы бригадиры Әубәкіров Бекзат Серікұлына зор құрмет көрсетілді.
Кәсіпорын басшылығы әріптесіміздің иығына қазақы дәстүрмен шапан жауып, қаржылай сыйлық табыстап, жеңісімен шын жүректен құттықтады. Бұл – кәсіпорын жұмыскерлерінің кәсіби біліктілігімен қатар, спортта да ел намысын абыроймен қорғап жүргенінің айқын дәлелі.
Шара соңында Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының солисттері өнер көрсетіп, әсем әндерімен мерекелік көңіл күй сыйлады.
#Тәуелсіздіккүні
#elordaecosystem #astana #жұмысшымамандықтаржылы #чемпион