СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ұжымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Кәсіпорын бас директоры Жаваров Бейбіт Болатұлының тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің ұйымдастыруымен Астана қаласы полиция департаменті Жеке қауіпсіздік басқармасының өкілі, полиция подполковнигі Абдуахитов Серикжан Миржанұлының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заң талқыланды.
Жиынға бас директордың бірінші орынбасары Сайлаубек Махметов, басқарушы құрам және әкімшілік персонал толық қатысты. Қатысушыларға заң талаптарын қатаң сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру, адалдық пен әділдік қағидаларын берік ұстану қажеттігі атап өтілді.
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – әр жұмыскердің тікелей борышы.
Заңды құрметтеу – жеке қауіпсіздіктің және кәсіби абыройдың кепілі.
Біздің ортақ міндетіміз – ашықтық пен әділеттілікке негізделген еңбек ортасын қалыптастыру.
Gallery image 1Gallery image 2Gallery image 3Gallery image 4Gallery image 5
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер