Кәсіпорнымызда Конституциялық өзгерістерге арналған маңызды кездесу
Бүгін «Elorda Eco System» кәсіпорнында жаңа Конституцияға қатысты маңызды кездесу өтті. Жиынға Астана қаласы мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясының мүшесі Разбекова Лаззат Мұратқызы, «Ауыл» партиясының белсендісі Абдыханов Ұлан, «Аманат» партиясы «Байқоңыр» аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мамыканов Талғат Оразқанұлы, Астана қалалық Коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бейсов Олжабек Абайұлы және «Аманат» партиясының белсендісі Карманов Мекен Маратұлы қатысты.
Кездесу барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндірілді. Кәсіпорын жұмыскерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Ашық әрі еркін форматта өткен диалог барысында пікір алмасу ұйымдастырылып, ұсыныстар ортаға салынды.
Мұндай кездесулер жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, ел дамуына бағытталған маңызды бастамаларды терең түсінуге мүмкіндік береді.
«Elorda Eco System» ұжымы қоғамдық маңызы бар мәселелерге белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайды.