Кәсіпорынымыздағы нәзік жандыларымызға арналған мерекелік кеш

Кәсіпорынымызда нәзік жанды қызметкерлерге арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл кеш ұжымдағы әйелдердің еңбегін құрметтеп, оларға алғыс білдіру мақсатында өтті. Іс-шара барысында кәсіпорынның өнерпаз жігіттері сахнаға шығып, әсем әндер орындап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Музыкалық тартулар мен жылы лебіздер мерекелік кештің сәнін келтіріп, ерекше атмосфера қалыптастырды.
Кеш барысында бас директор сөз сөйлеп, кәсіпорынның дамуына үлес қосып жүрген нәзік жанды қызметкерлердің еңбегін атап өтті. Сондай-ақ олардың кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігін жоғары бағалап, бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар табыстады. Мерекелік шара жылы лебіздерге, ризашылыққа және көтеріңкі көңіл күйге толы болды. Ұжымдағы нәзік жандыларға көрсетілген құрмет – олардың еңбегіне деген алғыс пен сыйластықтың айқын көрінісі болды.
Gallery image 1Gallery image 2Gallery image 3Gallery image 4Gallery image 5Gallery image 6Gallery image 7Gallery image 8Gallery image 9Gallery image 10
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер