Ұжым көркі – әйелдер: кәсіпорында 8 наурыз мерекесіне арналған құттықтау
Өндірісте еңбек етіп жүрген ер азаматтарымыз кәсіпорынымыздың нәзік жанды қызметкерлерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады. Бұл мереке аясында әйелдердің ұжымдағы еңбегі мен кәсіпорынның дамуына қосып отырған үлесі ерекше атап өтілді.
Ер азаматтар нәзік жандыларға шынайы алғыс білдіріп, олардың кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі және еңбекқорлығы кәсіпорын жұмысының табысты жүруіне маңызды үлес қосып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ ұжымдағы әйелдердің ұйымшылдығы мен белсенділігі әрдайым жоғары бағаланатыны айтылды.