Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара: Elorda Eco System ұжымының бірлігі мен белсенділігі көрініс тапты

Біздің кәсіпорнымызда Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында кәсіпорын қызметкерлері өз өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытты. Еңбегімен ерекшеленген қызметкерлер Коммуналдық шаруашылық басқармасының алғыс хаттарымен және кәсіпорын директорының алғыс хаттарымен марапатталды.
Мерекелік бағдарлама аясында ән айтылып, би биленді. Сонымен қатар, гір көтеру, қой көтеріп отырып-тұру, қол күрес және арқан тартыс сияқты ұлттық және спорттық ойындар ұйымдастырылды. Жарыс жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар мен медальдар табысталды.
«Elorda Eco System» кәсіпорны баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтайды!
Gallery image 1Gallery image 2Gallery image 3Gallery image 4Gallery image 5Gallery image 6Gallery image 7Gallery image 8Gallery image 9Gallery image 10Gallery image 11
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер