Елордада нөсерлік кәріз жүйесін тазарту жұмыстары жалғасуда
Жоспарлы жұмыстар аясында «Elorda Eco System» бригадалары қаланың нөсерлік кәріз инфрақұрылымын күтіп ұстау және дамыту бойынша кешенді іс-шараларды жалғастыруда. Қазіргі учаскелерде арық-науалы желілерді қоқыс пен бітелулерден тазарту жұмыстары жүргізілуде, бұл жерүсті сулардың кедергісіз ағуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, жаңбыр суын қабылдау жүйелерінің тиімділігін арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нөсерлік торларды орнату және ауыстыру жұмыстары жүзеге асырылуда. Барлық жұмыстар арнайы техника қолдану арқылы жоспарлы түрде жүргізіліп, тұрақты бақылауда. Негізгі мақсат — су бұру жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және ықтимал су басу жағдайларының алдын алу. Жұмыстар жалғасуда.