Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы – кәсіпорын қызметінің басым бағыты

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелері кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Кәсіпорын қызметкерлері арасында тұрақты түрде қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқаулықтармен таныстыру жүргізіледі, сондай-ақ өндірістік жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған практикалық сабақтар ұйымдастырылады.
Әсіресе құдықтар мен коллекторларда жұмыстарды жүргізу кезінде талаптарды сақтау, арнайы техниканы пайдалану, сондай-ақ авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындау барысында қауіпсіздікке ерекше назар аударылады. Әрбір қызметкер қажетті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген және міндетті оқытудан өтеді.
Сонымен қатар, еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша білімдерін тексеру мақсатында мерзімді түрде қосымша бақылаулар ұйымдастырылады. Аталған шаралар өндірістік тәуекелдерді азайтуға, қызметкерлердің денсаулығын сақтауға және қаланың нөсерлік кәріз инфрақұрылымының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер