«Elorda Eco System» қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды
«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлері Астана қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының атынан адал еңбегі және қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Марапаттарды табыстау рәсімі кәсіпорынның бас директорының қатысуымен өтті. Ол қызметкерлерге алғыс хаттарды тапсырып, олардың жоғары кәсібилігін, жауапкершілігін және нөсерлі кәріз жүйесі мен су бұру жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.
«Elorda Eco System» мамандарының күнделікті қызметі қалалық инфрақұрылымның тұрақтылығына, елорданың санитарлық жағдайына және тұрғындардың жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететіні ерекше атап өтілді.
Кәсіпорын басшылығы қызметкерлерді еңбектерінің лайықты бағалануымен құттықтап, алдағы уақытта да қойылған міндеттерді тиімді орындауға сенім білдіреді.

