«Elorda Eco System» жалпықалалық сенбілікке қатысты: Астанада тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүргізілді

«Elorda Eco System» қызметкерлері жалпықалалық сенбілік өткізді Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбектің 2026 жылғы 11 сәуірдегі өкіміне сәйкес, сондай-ақ «Таза Қазақстан – жауапкершілік белесі» жалпықалалық экологиялық айлығы және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлері аумақтарды санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша іс-шаралар өткізді.
2026 жылғы 25 сәуірде жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылып, оның барысында Кәсіпорынға бекітілген учаскелерді, сондай-ақ Жетіген көшесі бойындағы аумақты (Алаш тасжолынан Пушкин көшесіне дейінгі аралық) тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, өндірістік нысандарда, соның ішінде тазарту құрылыстары мен сорғы станцияларында да жұмыстар атқарылды.
Сенбілік аясында қоқыс жинау және шығару, аумақтарды ластанудан тазарту, нысандар мен іргелес аумақтарды тиісті санитарлық жағдайға келтіру жұмыстары жүзеге асырылды. Өткізілген іс-шаралар қалалық ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға, абаттандыру деңгейін арттыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер