«Elorda Eco System»-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға арналған семинар өтті

«Elorda Eco System» кәсіпорнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша семинар өтті.
Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кәсіпорында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының орынбасарының қатысуымен оқыту семинары өткізілді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі нормалары қарастырылып, қызметтік әдеп талаптары түсіндірілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік шаралары айтылды.
Бұзушылықтардың алдын алу және жұмыста адалдық, ашықтық пен айқындық қағидаттарын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына қызметкерлердің осындай іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету және күнделікті қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру — «Elorda Eco System» қызметіндегі басым бағыттардың бірі.
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер